Навигация: Главная Серіктестер

"Олимпик" дүкені

Біздің серіктестер

"Олимпик-Шымкент" ЖШС-і 16 жыл бойы Қазақстан нарығында әлемдегі ең ірі өндірушілердің аңшылық, балық аулау және белсенді демалысқа арналған тауарларн танытып келеді. Компания құрылғалы, жыл өткен сайын оның мәртебесі тоқтаусыз өсіп келеді, қазіргі таңда біздің көптеген сенімді серіктестеріміз бар. Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан 50-ден аса фирмалар мен компаниялармен ойдағыдай қызмет етісіп келеміз.

Қазақстанның өзге өлкелерінде аңшылық, балық аулау және белсенді демалысқа арналған тауарларын тарататын өз серіктестерімізбен істестік компания үшін аса маңызды. Біздің дүкендеріміз ресейлік және шет ел өндірушілерінің сапалы өнімдерін сатып, ең жақсы тауарларымен ауыс-түйістерді жүзеге асырады. Біздің серіктестеріміздің кез-келгенінің дүкеніне хабарлассаңыз, өзіңіздің сүйікті "Олимпик-Шымкент" дүкеніндегідей тауарлардың кең ассортименті мен кәсіби қызмет ала аласыз.

Астана қаласындағы "Олимпик" дүкені 2011 жылғы 22 сәуірде ашылып, аңшылық, балық аулау және белсенді демалысқа арналған тауарларын сатуға мамандандырылуда. Мұнда толыққанды аңшылық, балық аулау немесе белсенді демалысқа арналған қажетті заттардың бәрі дерлік жинақталған. 20 000 түрлі тауарлар ассортименті бар.

Қызылордадағы "Олимпик" дүкені - Қызылорда қаласындағы ең алғаш ашылған қару, туристік және балық аулауға арналған құрал-саймандар сатуға мамамндандырылған дүкендердің бірі. Компания 2000 жылдың қаңтар айында құрылдыТауарлар ассортименті мол бола тұра, сатып алушылардың сұранысына байланысты ұдайы жаңартылып, әрі толықтырылып отырады.

Атырау қаласындағы "Олимпик" дүкені - үстіміздегі жылы құрылған, жас әрі серпінді дамып келе жатқан компания. "Олимпик" – Атырау қаласындағы балық, аң аулаушыларға, туристер мен су асты аңшыларына немесе жәй ғана белсенді демалуды ұнататындар үшін тауарлар сататын ең ірі дүкен. Оның бір артықшылығы – балық аулау құрал-саймандарының бай ассортименті: қармақ бау мен қармақ жемдерден скутерлер мен қайықтарға шейін.