Навигация: Главная Компания туралы Философия

"Олимпик" дүкені

Философия

Жылдам өмір ырғағы уақытымыздың көбін жануямызбен, балаларымызбен немесе достарымызбен өткізуге кедергі келтіретіні анық. Күнделікті әбігермен біз көбіне өз жақындарымызбен демалысты кейінге қалдырып жүреміз. Алайда парсы-тәжік ұлы ақыны Омар Хайям айтқандай, өмірді басқа қырынан тану үшін, бізге және біздің жақындарымызға табиғат аясында тыныштық пен мамыражай ортада дем алу өте қажет. Оның әлемге танымал, лирикалық кейіпкері өмірді тануға, адамзат пен табиғатты танып білуге талпынатын рубаи - төрт жолды өлең шумақтары, біздің компания философиясын айқындайтындай.



Сен айтасың, бұл өмір – бір ілез.
Қадірле оны, шабыт ал одан.
Қалай сүрсең, ол солай өтеді.
Ұмытпа: ол – сенің Шығармаң.

Омар Хайям







1 Гиясаддин Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям Нишапури (18 мамыр 1048, Нишапур — 4 желтоқсан 1131, Нишапур) — парсы ақыны, философ, математик, астроном, астролог. Омар Хайям өзінің төрт жолды өлең жолдары «рубаи» арқылы бүкіл әлемге танымал. Ол алгебрада текше теңдеулерінің жіктеуін құрды және конустық қималар көмегімен олардың шешімін тапты. Ирнада Омар Хайям Европа күнтізбесімен салыстырғанда анағұрлым дәлірек саналатын, ХІ ғасырдан бері ресми қолданыста болып келе жатқан күнтізбе авторы ретінде әйгілі.