Навигация: Главная Компания туралы

"Олимпик" дүкені

Компания тарихы

"Олимпик-Шымкент" - белсенді демалысқа арналған тауарлар нарығында көптеген жылдар бойы атқарған қызметі арқылы мол тарихы бар компания. Жылдар барысында компания көптеген осындай тауарлар өндірушілермен тығыз байланысқа қол жеткізсе, "Олимпик-Шымкент" дүкені маусым сайын сапалы өніммен толықтырылып отырды. Компания тағдырының өзіндік маңызы бар күндері арқылы осы және басқа да жайларды толық біле аласыз

09.08.1996 -Ең басты әрі маңызды дата - "Олимпик" компаниясының құрылған күні. Сол уақытта аңшылық, балық аулау және белсенді демалысқа арналған тауарлар сататын дүкеннің ашылуы таң қаларлық оқиға болды, әрі ол осы саланың қарқынды дамуына тиек болды. Алғашқы жылдары "Олимпик" дүкені Киров көшесі, 13 мекен-жайында орналасқан кішігірім бір қабатты ғимаратта болды.

04.01.2000 - Қызылорда қаласындағы "Олимпик" дүкенімен серіктестік.

2006 - "Олимпик" компаниясы сату алаңын кеңейтіп, дүкен Дулати көшесі, 55 мекен-жайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 500 м3 құрайтын жаңа екі қабатты ғимаратқа көшірілді.

22.04.2011 - "Олимпик" дүкенімен серіктестік, Астана.

2011 - "Олимпик" компаниясы тұрақты клиенттер үшін тауар бағасын кемітіп сатып алуға мүмкіндік беретін дисконтты карталар шығарды.

2012 - Атырау қаласындағы "Олимпик" дүкенімен серіктестік.

2012 - Ақпараттық технологиялар мен Ғаламтор желісінің кең ауқымды дамуына байланысты компания басшылығы "Олимпик" дүкені тауарларының ассортиментіне шолу жасау арқылы өзінің жеке ғаламтор-сайтын ашуды шешті.